Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 қараша күні өтетін Президент сайлауына Партиялық емес байқау орталығының 22 мыңнан астам байқаушысы қатысатын болады, деп хабарлайды El.kz.
Партиялық емес бақылау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов байқаушылардың сайлау учаскелерінде жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
«Осы бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Біз еліміздің барлық өңірлерінде 22 мыңнан астам адамды қамтитын байқаушыларды жинадық. Орталық пен аймақтық филиалдар байқаушыларды толық қамтыған 300-ге жуық оқу іс-шараларын өткізді. Оқу процесінде сайлау заңнамасының негіздеріне ерекше көңіл бөлінді», - деді Төлеген Күнәділов.
Сондай-ақ төраға 20 қараша күні сайлаудың әділ өтуіне кедергі жасайтын жағдайлар орын алатын болса, байқаушылар бірден ескерту жасауы тиіс деп отыр.
«Байқаушылар дауыс беру күні қандай да бір заң бұзушылық болғанын байқайтын болса, сайлау төрағасы немесе комиссиясы мүшелеріне ескертуі керек. Ал қатаң заң бұзушылық орын алып жатса, онда 2 дана акт толтырылады. Біреуі сайлау комиссиясының төрағасына, екіншісі біздің ұйымға беріледі», - деді ол.
Сайлау күні бақылаушылар әр учаске ашылғаннан уақыттан бастап дауыстарды санау аяқталғанға дейін болады. Олар берген деректерді Партиялық емес байқау орталығы әлеуметтік желілерде жариялайды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады