Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана қаласының бірқатар лауазымды мемлекеттік тұлғалары дауыс беретін Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 111-сайлау учаскесі дауыс беруге ашық, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Құрметті бақылаушылар, сенімді өкілдер, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Президенттің кезектен тыс сайлауына байланысты Астана қаласының 111-сайлау учаскесін дауыс беруге ашық деп жариялаймын, – деді сайлау учаскесінің төрайымы Жанна Тәуекелова.
Сондай-ақ сайлау учаскесінің төрайымы алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға сыйлық табыстады.
Сайлау – Қазақстан тұрақтылығының, позитивті дамудың негізі. Мен сайлауға әрдайым ерте келемін. Оның үстіне 92 жастағы қарт анам бар. Оны да оянған соң дауыс беруге алып келемін, – деді Астана қаласының тұрғыны Нұрхан Назирова.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар