Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сайлау барысын бақылауға Халықаралық байқау институтынан 15 байқаушы тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Байқаушылар сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша орталық сайлау комиссиясының жанына аккредиттеледі.
Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 10 шет мемлекетпен 3 халықаралық ұйымнан 82 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Сонымен қатар бүгінгі таңда бір елден 15 байқаушы халықаралық ұйым атынан ұсынылған болатын. Атап айтқанда, Иран Ислам республикасынан 1 байқаушы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан 14 байқаушы тіркеуге ұсынылды. Оның ішінде Тәжікстанның сайлау және референдум жөніндегі орталық комисссиясының төрағасы Бақтиөр Құдиорзада тіркеуге ұсынылды, - деді Мұхтар Ерман.
Шет мемлекетпен халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы комиссиясының қаулысы жобасы дайындалды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік