Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМүгедектігі бар адамдар үшін сайлауда дауыс беру қолжетімді болады ОСК комиссияның орталығында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыста мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысудағы қолжетімділігін қамтамасыз ету керек екенін тілге тиек етті.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова Президенттік сайлауда мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мақсатында аумақтық сайлау комиссиялары бірқатар ұсынымдар әзірлегенін айтты.
Соның ішінде онлайн дауыс беруде қарастырылғанын атап өтті. Олар үшін пандустар, мониторы бар компьютерлер, қосымша жарықтандыру, онлайн-сурдоаударма немесе ымдау тілі мамандарының кезекшілігі ұсынылады деді.
"Орталық сайлау комиссиясы отырыстары трансляциясы мен ақпараттық бейнематериалдары сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Орталық сайлау комиссиясының сайтында «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары» бөлімі жұмыс жасайды", — деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі