6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы анықтай алады, деп хабарлайды El.kz
Сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы анықтай алады, деп хабарлайды El.kz
Біріншіден, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы табуға болады.
Ол үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, тұрып жатқан аймағыңызды таңдайсыз. Содан соң ЖСН енгізіп, «табу» батырмасын басасыз. Бірер секундтан кейін қажетті ақпаратты ала аласыз.
Екінші тәсіл байланыс операторларының көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ұялы телефонға СМС арқылы ақпараттық сервистің сілтемесі жіберіледі.
Сондай-ақ сайлау учаскесін «1414», «109» call-орталығына хабарласып білуге болады.
Егер сайлау күні басқа елді мекенде болуды жоспарласаңыз, онда өз сайлау учаскеңізге хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алуыңыз керек. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз.
Айта кетсек, сайлау учаскесіне жеке куәлікті алып бару қажет. Сондай-ақ eGov, Kaspi қосымшасындағы цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады.
Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада сағат 07:00-20:00 аралығында өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі