29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМәжіліс сайлауына қатысатын партиялар пікірсайысының І кезеңі басталды. Бұл кезеңде партия өкілдеріне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты ортақ сұрақ қойылады. Жалпы ұзақтығы 14 минут, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады:
▪️«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев,
▪️«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев,
▪️«Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау,
▪️Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков,
▪️«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,
▪️«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов,
▪️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.
Пікірсайыс 4 кезең бойынша өтеді. 1-кезеңге жалпы 14 минут берілген. Осы уақыт ішінде әр партия өкілі ортақ сұраққа жауап береді.
33 минутқа созылатын 2-кезеңде партия өкілдері бір-біріне сұрақ қояды. Сұрақ қоюға 30 секунд, жауап беруге 4 минут бөлінеді.
3-кезең ұзақтығы да 14 минутқа созылады. Бұл кезеңде де пікірсайысқа қатысушыларға ортақ сұрақ болады.
Ал, қорытынды 7 минуттық 4-кезеңде әр партия өкілдері 1 минуттың ішінде сайлаушыларға үндеу жасайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек