Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӘділет министрі Азамат Есқараев елімізде жаңа партияларды тіркеу ісіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің баспасөз брифингінде журналистер Азамат Есқараевқа «Алға Қазақстан партиясы тіркелу үшін 20 рет өтініш берген екен. Олардың тіркеле алмауының саяси астары бар ма?» деп сауал қойды.
Мұның ешқандай саяси астары жоқ. Әділет министрлігі саяси орган емес. Тек тіркеуші орган. Егер заң бойынша көзделген талаптарды орындайтын болса, бұрын тіркелген саяси партиялар сияқты біздің оны тіркемеуге ешқандай құқығымыз жоқ. Сондықтан 20 рет болсын, одан да көп рет болсын – егер заңды сақтап тұрып, өтініш берсе, біз тіркеуге міндеттіміз, - деп түсіндірді Азамат Есқараев.
Әділет министрінің сөзінше, өтініш берушілердің көбісі заңда көрсетілген талаптарды сақтамайды.
Заңда нақты талаптар көрсетілген. Оны сақтау керек. Әр өтініште талаптар сақталмай жатады. Заң барлығына ортақ. Оның бәрін оқып, қарап, сақтап, өтініш беруге болады. Біз берген жауабымызда нақты қандай талаптар сақталмағанын көрсетеміз, - деді министр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?