Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБүгін, 26 ақпанда, Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы өзінің сайлануына қатысты пікір білдірді.
Боксшы Қазақстан спортын дамытуға тырысатынын айтады.
Қазақстанда Ұлттық олимпиада комитетін басқару туралы ұсыныс түскенде, қазақстандық спорттың дамуына өз үлесімді қосуыма мүмкіндік бересіздер деп талап қойдым. Өздеріңіз білесіздер, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Ойымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін, - деді Головкин.
Сонымен қатар 41 жастағы боксшы бұл тұрғыда өз көзқарасы бар екенін айтты.
Талай жылдық тәжірибе бар, команда бар, бастысы – отандық спортты дамыту деген мақсат бар, - деді боксшы.
Головкин ҰОК басшысы қызметінде Тимур Құлыбаевтың орнын басты.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды