Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖетісу облысына жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Студенттер Үйіне» барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл жатақхана 2021 жылы салынған. 13 қабатты ғимараттың 300 орынға арналған 96 қонақ бөлмесі бар. Мұнда жайлы тұруға, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған.
Кітапхана, тұрмыстық және душ бөлмелерімен жабдықталған, кофехана, тренажер залы, компьютерлік сыныптар, шағын кинотеатр және бірнеше көру алаңдары бар.
Өте күрделі және әдемі архитектуралық нысанның терезелерінен жазда жарықтандырылған субұрқақ жұмыс істейтін қалалық бассейн жағалауының көркем көрінісін көруге болады.
Жалпы, Жетісу университетінде 1000-ға жуық адамға арналған 3 жатақхана жұмыс істейді. ЖОО өкілдерінің айтуынша, жарты ғасырлық тарихы бар білім беру мекемесінде жатақханаларда орын тапшылығы жоқ.
Университетке бару аясында министр студенттермен кездесу өткізді, онда жастар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?