23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ғылым және жоғары білім министрі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым саласындағы екі жақты қатынастарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Министр Елшіге ақпан айының басында өткен 9-шы Ұлыбритания-Қазақстан «Жоғары білім саласындағы мемлекеттер ынтымақтастығы арқылы мемлекетаралық байланыстарды нығайту» үкіметаралық комиссиясының жұмыс қорытындылары жайлы айтты. Сондай-ақ мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен министрліктің негізгі басымдықтарын атады.