18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қозыбаев университетіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысы білім ордасының профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді.
Ең алдымен, Саясат Нұрбек оқу орнының жұмысымен танысып, жобалау мен жабдықталудың ең жоғары озық стандарттарына сәйкес салынған жаңа оқу-зертханалық корпусында болды. Айта кетсек, оқу корпусында жас зерттеушілердің практикалық білімін арттыруға арналған 60-тан астам жаңа зертханалар бар. Олардың 20-ы инженерлік, 20-ы жаратылыстану-ғылыми және агротехнологиялық, 10-ы медициналық бағытта қызмет етеді.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесуде министр Қазақстанда жоғары білім мен ғылымды дамытудың негізгі басымдықтары туралы айтты. Сондай-ақ СҚУ туралы өз көзқарасымен бөлісті.
Қозыбаев университеті – өзгерістен қорықпайтын, сапамен астасып жатқан тарихы терең, болашағы зор университет. Ол еліміздің жоғары оқу орындарының тізімінде беделді орын алады, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Министр университеттің жатақханаларына барып, студенттермен әңгімелесті. Айта кету керек, СҚУ-да үш жеке студенттік жатақханасы бар. Орындардың жалпы саны – 1372. Биыл барлық жатақханаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника сатып алынды. Саясат Нұрбек Қозыбаев университетінің 1200 орындық жаңа жатақхана ғимаратының құрылысымен танысты.
Жатақхана өз есігін 2024 жылдың 1 қыркүйегінде ашады деп жоспарланып отыр.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр