Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары даму министрі Саясат Нұрбек Өзбекстан Республикасының Инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесті. Кездесу барысында ғылым саласындағы екіжақты қатынастар мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министр Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Иброхим Абдурахмонов өзі басқаратын министрліктің қызметі туралы айтты.
Талқылаулар барысында екі елдің министрлері ғылым саласындағы жаңа бірлескен бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мақсатында кешенді үкіметаралық келісімге қол қою туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, тәжірибе алмасуға және екі елдің ғылымын дамытуға, студенттер, оқытушылар, жас ғалымдар мен зерттеушілер алмасу бағдарламаларын іске асыруға қатысты бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Сапар аясында министр Саясат Нұрбек Alpha білім беру платформасының өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар білім беру жүйесінің болашағы, lifelong learning – өмір бойы оқу тұжырымдамасы, «Күміс университет» тақырыптары бойынша пікір алмасты.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?