Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық, демографиялық және гендерлік саясат» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Астана қаласында өтіп жатқан конференция аясында отандық ғылымдағы әйелдердің рөлі туралы тақырыпқа тоқталды, деп хабарлайды El.kz
«Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің жартысы – әйелдер. Ғалымдардың 54%-ы әйел және олардың саны жыл сайын артып келеді. Жалпы, әйелдердің ғылымдағы рөлі өсті. Мысал ретінде, коронавирусқа қарсы «QazVac» вакцинасын әзірлеген биолог ғалым Күнсұлу Закария. Біз ғылым және жоғары білім министрлігі ретінде гендерлік теңдік саясатын қолдаймыз, ғылымға, жоғары білімге, оның ішінде басқару қызметтерге әйелдердің тең қолжетімділігін қамтамасыз етеміз», – деді министр.
Халықаралық ғылыми конференцияның ашылу салтанатына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева, БҰҰ өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Сарапшылар Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштерін жақсартып, 80-ші орыннан (2021 жыл) 65-ші орынға (2022 жыл) дейін көтерілгендігін атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген сараптамалық талдау әзірленеді, сол талдау негізінде Үкімет пен жергілікті басқару органдарына ұсыныс дайындалады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары