Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне сапары аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Жастар үйі» студенттік жатақханасына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, министр студенттік жатақханаларда тұру жағдайларын тексеріп, онда тұратын студенттермен әңгімелесті.
Студенттердің айтуынша, жатақханаларда тұру құны қолжетімді және бес жыл бойы өзгермеген. Сонымен қатар жатақханалар халықтың осал топтарындағы студенттерге, сондай-ақ белсенді студенттерге, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына және үлгерімі жақсы студенттерге тегін беріледі.
Министр Саясат Нұрбек студенттер үшін жайлы өмір сүру және оқу жағдайларын қамтамасыз етудің және жастарды білім мен табысқа ұмтылуда қолдаудың маңыздылығын атап өтті, - делінген мәліметте.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді