Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекSay Mo лақап атымен танымал әнші Мөлдір Есембек әлеуметтік желіде өз оқырмандарына бұрынғы күйеуі, актер Шәріп Серіктен қысым көргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан бірер күн бұрын желіде Әлия Бутеева есімді бойжеткен Шәріп Серіктің оны ұрып-соққанын жариялаған еді. Осы жайттан соң актердің бұрынғы әйелі Say Mo да соққыға жығылғанын алға тартты.
Қазір қолымда дәлел жоқ. Денемнің көгерген суреттерін анама жібергенмін, алайда кейіннен оларды өшіріп тастадым. Әр ұрыстан соң кешірім сұрайтын, тіпті «актерлігін қосып» тізерлеп отырып кешірім сұрайтын. Абьюзивті қарым-қатынаста болмаған адам мұны ешқашан түсінбейді. Неліктен шыдадың дейтін шығарсыздар. Білмеймін.
Әкесіз өстім. Ер адам әйелге қандай қарым-қатынас жасауы керектігін білмедім. Себебі көз алдымда ер адамның үлгісі болған жоқ. Анам тынбай жұмыс істейтін, ал мен ер адам сияқты өстім. Бір күні көлемді сұхбат беріп, бәрін тәптіштеп айтып беремін, - деді орындаушы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?