Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚР Ұлттық кітапханасында «Сахара сандуғашы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басылым қазақ радиосының белгілі дикторы, Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға Сауық Жақанованың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрді.
Сауық Жақанова өзінің көп жылдық ел мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, і-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, радио және телевизия қызметкерлері, журналистер, Сауық Жақанованың туыстары мен жақындары қатысты.
Жиында Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.
Сіздің еліміз үшін сіңірген еңбегіңіз қазақ халқының тарихында алтын әріптермен жазылды. Радио, білім саласына қосқан үлесіңіз орасан зор. Қазақ радиосының сандуғашы атанып, жарты ғасырға жуық эфирде үздіксіз қызмет етіп, тыңдармандардың жүрегіне жол таптыңыз.
Дикторлық шеберлігіңіз, эфирдегі ерекше үніңізбен қатар, өнгелі өмір жолыңыз ұрпаққа үлгі. Жұртшылық Сізді өз ісінің майталманы ғана емес, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде де ерекше құрмет тұтады, – делінген хатта.
«Сахара сандуғашы» кітабында Сауық Жақанованың өмір жолы, радио мен теледивизиядағы шығармашылығы, сондай-ақ оқытушылық қызметі туралы баяндалады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек