Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тарихи Сауран тарихи қалашығында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Игі іс-шара тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қоршаған ортаны тазарту, сондай-ақ жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпаратттық агенттігі.
Тазалық шарасы Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен.
Сенбілікке жергілікті тұрғындармен қатар, еріктілер, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері белсене атсалысты.
Қатысушылар қалашық аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты. Сенбілікте тазалық жұмыстарымен қатар, қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатты қорғау тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жастарға қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызы мен оны қорғаудың өзектілігі туралы ақпарат берілді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс