Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Эр-Рияд қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Кештің басты жекпе-жегінде WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен IBF белбеуінің иегері, кубалық Уильям Скалл кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Канелоның жеңісімен аяқталды. Бұл 34 жастағы Альварестің кәсіпқой мансабындағы 64-ші жеңісі. Оның рекорды — 63 жеңіс, 2 жеңіліс және 2 тең нәтиже. Ал 32 жастағы Уильям Скалдың кәсіпқой көрсеткіші — 21 жеңіс және 1 жеңіліс. Кубалық боксшы үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.
Осылайша, Сауль Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қайта иеленіп, бұл мәртебеге екінші мәрте қол жеткізді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі