23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы жеке меншік компанияның менеджері болып бастаған.
2006-2009 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Әр жылдары жеке меншік ұйымдарда еңбек етті.
2011-2016 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.
2017-2018 жылдары – ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.
2019-2021 жылдары – «KazEnergy» ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі
2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік