13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚР Үкіметінің қаулысымен Айжан Әділқызы Бижанова ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айжан Бижанова 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қайнар Академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Кедентрассервис» ЖАҚ менеджері болып бастаған.
2004-2007 жылдары — «Қазақ ақпараттық технологиялар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Заң бөлімінің аға заңгері, бастығы.
2010-2011 жылдары — Алматы қаласы Әділет департаменті Жетісу ауданының АХАЖ және Құқықтық түсіндіру жұмыстары және халыққа заңгерлік қызмет көрсету жұмысы бөлімдерінің жетекші маманы.
2011-2013 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары — «ҚазМедТех» АҚ Заң және кадр жұмысы департаментінің директоры.
2014-2018 жылдары — «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сараптаманы үйлестіру департаментінің сарапшысы, Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің басқарушы директоры, директоры.
2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2019-2020 жылдары — ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда департаментінің директоры, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
2020-2021 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды