6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық бойынша елордалық азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 21 қазанда А. сауда орталығында іш киіммен жүгіріп, қолында плакат ұстап, «...маған пәтер сыйла!» деген сөздерді айқайлап айтқан.
Осылайша, ол қоғамдық орында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Құқық бұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, А.-ның өз түсініктемесімен және Instagram желісінде жарияланған бейнежазбамен дәлелденді.
Сотта А. өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, өз әрекеті арқылы жұрт назарын аударып, Астанадан пәтер ұтып алғысы келгенін түсіндірген.
ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.
Соттың қаулысымен А. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.
Жаза шарасы құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипаты, құқық бұзушының құқық бұзушылыққа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жасаған ісіне өкінуі сияқты жеңілдететін мән-жайлар, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріле отырып белгіленді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі