Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСауд Арабиясындағы дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты.
Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген.
Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірлерін алды. Тамашалауға келгендер отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады. Олар сондай-ақ ең күрделі жауынгерлік, шабандоздық шеберлік көріністерінің ауқымы мен орындалуын атап өтті және «Томирис» фильмін соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары