Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыCауд Арабиясы ел астанасы Эр-Риядта 70 жылдан кейін алғаш рет алкоголь дүкені ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Дүкендегі ащы сусын мұсылман емес дипломатиялық қызметкерлер үшін сатылатыны белгілі болды. ВВС мәліметінше, дүкенге кіруге дипломатиялық қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі. Сауд Арабаиясы ішімдік сатуға қатысты тыйымды 1952 жылы енгізген болатын. Сол жылы король Абдул Әзиздің ұлдарының бірі мас күйінде британдық дипломатты атып өлтірген еді.
Алкоголь дүкеніне келушілерге мына талаптар қойылады:
Алдын ала тіркеліп, мемлекеттен рұқсат алу қажет.
Дүкенге 21 жасқа толмағандар кіргізілмейді және оның ішінде әрқашан «тиісті киім талап етіледі».
Алкоголь сатып алу үшін бейтаныс адамды, мысалы жүргізушіні жіберуге болмайды.
Ай сайынғы шектеулер енгізіледі.
Сондай-ақ сатылатын ішімдік санына да шектеу қойылған. 1 литр спирттік ішімдік 6 ұпайға, 1 литр шарап - 3 ұпайға, 1 литр сыра 1 ұпайға бағаланады. Айына сатып алынған ішімдік мөлшері 240 ұпайдан аспауы тиіс екені айтылған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары