11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек7-14 ақпан күндері аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1275 спортшы жиналады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азия Олимпиада кеңесінің мәліметінше, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады. Осыған дейінгі, Жапонияның Саппоро қаласындағы бәсекеде құрлықтағы 30 ел мен Тынық мұхиты аймағынан Аустралия мен Жаңа Зеландияны қосқанда 32 комитет тіркелген. Ал спортшылар саны 1147 болған. Араға 8 жыл салып, Харбинде олардың саны 128 атлетке көбейеді деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, аталған 1275 спортшының 755-і ер, 520-сы әйел. Олардың 847-сі мұз айдынындағы жарыстарда күш сынасады. Ал қалған 428-і биатлон, шаңғы жарысы сынды Ябули қаласында өтетін қар спортында кім мықтыны анықтайды.
Тағы бір ақпарат, IX қысқы Азия ойындарында 32 жүлде жиынтығы Харбиндегі мұз айдынындағы сында, қалған 32 алтын медаль иегері Ябулиде белгілі болады.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес