Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы қаржы жымқырған.
Нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған. Аталған факті бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасымен («Алаяқтық») қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары