12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСәтбаевта 54 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәтбаев қаласының ПБ патрульдік полиция инспекторлары "Қорғау" бағдарламасының көмегімен жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні анықтады. 26 жастағы Жезқазған тұрғыны Mercedes-Benz көлігімен 54 рет жол ережесін бұзған. Полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттеріне жол ережесін бұзу туралы хабарлама келіп түскен.
Тексеру барысында жүргізушінің жылдамдықты асырғаны, жол ережесін өрескел бұзғаны және салынған айыппұлдың жалпы сомасы екі миллион теңгеге жуық екендігі анықталды. Қазіргі уақытта көлік айып тұраққа қойылды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері "Қорғау" бағдарламасының көмегімен жол ережесін бұзған 200-ге жуық автокөлік құралын анықтады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер