6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты. Атылған ақбөкендерді қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражында жасырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина табылып, тәркіленіп отыр.
33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталды, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі