Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Оқиға 22 мамыр күні Сәтбаев қаласында болды. Ер адам тұрғын үйдің подъезінде жас қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде шабуыл сәтінің бейнежазбасы тарады. Бақылау камерасындағы кадрларға қарағанда, ер адам қызбен бірге подъезге кіріп, күтпеген жерден оны бұрышқа қарай сүйреп апарған.
Алайда жәбірленуші қатты айқайлап, көмек сұрағаннан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қылмыс ізін суытпай ашу мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін 12 жастағы көрші қызға шабуыл жасаған ер адамға сот үкім кесті.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді