6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚ. Сәтбаев атындағы канал Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 28,6 мың га-дан астам егістік жерді сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл вегетация кезеңі басталғалы «Қазсушар» РМК-ның «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы Қарағанды облысындағы 10,8 мың га-дан астам, Павлодар облысындағы шамамен 17,8 мың га егістік алқапты суармалы сумен қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген су көлемі 13,0 млн текше метрден, ал Қарағанды облысында 5,6 млн текше метрден асты.
Биыл филиал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен су беру бойынша 40 келісімшарт жасасты. Павлодар және Қарағанды облыстарында ең көп өсірілетін дақылдарға жаздық дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп, жүгері, көкөністер және көпжылдық шөптер жатады, – деді «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалының директоры Оңдасын Жиенқұлов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі