23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Таза Қазақстан» бастамасы аясында бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облыстық әкімдігінің мәліметінше, іс-шарада республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойында, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойы мен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаев атсалысып, арнайы аралады. Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген тазалық жұмыстарының барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазарту, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді, - делінген мәліметте.
Оған қоса, жол жиегіндегі шөптер орылып, арық-атыздар тазаланды. Жалпы 7 техника жұмылдырылып, 14 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, 2000-ға жуық адам тазалық жұмыстарын жүргізді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік