29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕкі тұрғыннан алаяқтық жолмен 5 млн теңгеге жуық ақша алған сарыағаштық әйел қолға түсті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарығаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданды. Олардың айтуынша, танысы Даму бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беремін деп сенімдеріне кіріп, біреуінен 2,6 млн теңге, екіншісінен 2,2 млн теңге ақша алған. Алайда, жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамаған.
«Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі – 4,8 млн теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізуі барысында күдікті әйелдің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Күдікті әйел жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек