6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы мамандары сәресі ішудің өзіндік берекеті мен артықшылықтары барын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда:
1) Сәресін ішуге тұрған адамға Алла мен Оның періштелері салауат айтады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Расында, Алла және Оның періштелері сәресі ішкендерге салауат жолдайды», – деген.
2) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті орындалады;
3) Құлшылыққа күш-қуат береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын);
«Күндізгі оразаларыңа сәресінің асын ішіп көмектесіңдер», – дейді.
4) Ширақтықты арттырады (белсенділік, энергия, т.б);
5) Аштықтан келетін нашар мінездің алдын алады;
6) Сəресі дұғаның ең қабыл болатын кезіне сәйкес келеді;
7) Сəресіде ниетті түзеп, ықыласты арттыруға мүмкіндік туады;
8) Сәресіне тұрған адам таң намазына ұйықтап қалмайды.
Сондықтан мұндай пайдалардан құр қалмас үшін сәресіне тұрған жақсы. Ал сәресі іше алмай қалып, ауыз бекіткен адамның оразасы дұрыс саналады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі