1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕлордада Еуразиялық интеграция институты «Ашық саясат» сараптамалық клубы «Қазақстандық партиялар сайлау кезеңінде: олқылықтар мен мүмкіндіктер» атты кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Басқосуға PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев, саясаттанушы Жұлдызай Ысқақова, Жақсылық Сәбитов және басқа да жетекші қазақстандық сарапшылар болды.
«Алдағы депутаттар сайлауы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске аспақ. Сайлауға қатысып жатқан саяси партиялар сайланғаннан кейін қаншалықты халықтың мүддесін өкілетті билік ретінде жүзеге асыратын болады, мұның барлығы партияның әлеуетіне тікелей байланысты», - деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының меңгерушісі Бағыш Ғабдулина.
Дөңгелек үстел барысында сарапшылар ашық бәсекелестік жағдайдағы қазақстандық жеті саяси партияның әрқайсысының белсенділігін, қалған сайлауалды күндердегі іске асырылмаған мүмкіндіктер мен үгіт-насихат әлеуетін талқылады.
Сонымен қатар партиялардың қорытынды перспективаларын талдауға және олардың елдің саяси өрісін ауқымды трансформациялау кезеңінде даму қабілетіне де назар аударылды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?