Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

EL.KZ
Фото: Республика партиясы

«Әділет» партиясында мемлекеттік органдардың, IT-бизнестің, қаржы секторының және сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірген «Цифрлық мемлекет. Тиімді институттар» тақырыбындағы сараптамалық сессия өтті.

Қатысушылар цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру және отандық технологиялық компанияларды қолдау мәселелерін талқылады.
Кездесуді ашқан «Қазақтелеком» АҚ басшысы әрі партия Саяси кеңесінің мүшесі Бағдат Мусин мемлекет пен отандық IT-бизнес арасында өзара тиімді іс-қимыл орнамайынша, цифрлық экономика одан әрі дамымайтынын атап өтті.

Бүгінде ақпараттық технологиялар саласына қатысты ең негізгі тапсырыс берушілердің бірі – мемлекет. Сондықтан IT-компаниялармен өзара іс-қимыл барысы түсінікті ережелерге, ашық рәсімдерге және болжамды шарттарға негізделуі аса маңызды», – деді ол.

Тақырыпты жалғастырған Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрлық мемлекеттің заңнамалық базасын дамыту, жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау мәселелері туралы баяндады.

Нарық өкілдері практикалық ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, «Halyk Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев цифрлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін кеңейтуді және мемлекеттік цифрлық сервистерді әзірлеу ісіне бизнесті белсенді түрде тартуды ұсынды.

Сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлік, венчурлік қаржыландыру, платформалық жұмыспен қамту және саланың кадрлық әлеуетін дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды.

MOST Holding компаниясының негізін қалаушылардың бірі Павел Коктышев венчурлік капитал нарығын дамыту бойынша ұсыныстарын айтса, Қазақстандағы inDrive компаниясының басшысы Арай Бекембаев платформалық жұмыспен қамтуды реттеу ісін жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

Ал Қазақстандық IT-компаниялар Қауымдастығының президенті Айымгүл Әбілева отандық IT-компаниялардың жүйелі жұмыс істеуі үшін неғұрлым болжамды жағдай қалыптастыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сарапшылар цифрлық мемлекетті дамыту, заңнаманы жетілдіру, отандық IT-компанияларға қолдау көрсету, жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық экономикаға қажет кадрлар даярлау бағытындағы өз ұсыныстарымен бөлісті.

Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegram арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Оқи отырыңыз

{