Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Авто.ру» журналының автосарапшылары ресми түрде сатылып жатқан бірнеше қытайлық кроссоверлердің коррозияға қарсы қорғанысын зерттеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тексеру барысында көлік шанағының сыртқы панельдерінде мырыш қабатының (оцинковка) бар-жоғы қарастырылды.
Толық мырышталған жалғыз модель — Haval H7
Зерттеу нәтижесінде Haval H7 барлық сыртқы элементтері – табалдырықтан бастап төбесіне дейін — толықтай мырышталған жалғыз кроссовер болып шықты.
Екінші орында — Knewstar 001
Бұл модельде тек көлік төбесі ғана мырышпен қапталмаған. Басқа элементтері коррозиядан жақсы қорғалған.
Үздік бестікке кірген өзге модельдер:
Аталған үш модельдің де төбесі мен жүксалғыш есік ойықтарында ғана мырыш қабаты жоқ, бұл оларды ылғалды климатта әлсіз ете түсуі мүмкін.
Қолданушыларға кеңес: VIN-код пен заңды тазалықты тексеріңіз
Автомобиль сарапшысы Максим Ракитин бұрын қолданылған көлікті сатып аларда мына кеңестерді ұсынады:
Біріншіден, көліктің заңды тазалығын тексеріңіз – базалар жеткілікті. Екіншіден, VIN-код пен номерлік агрегаттар (мысалы, шанақ) өзгеріске ұшырамағанын нақтылаңыз. Барлық мәліметтер құжатпен сәйкестігін тексеру қажет, – дейді ол.
Бұған дейін Британиядағы сенімді көліктердің тізімін ұсынған едік.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары