Сарапшылар ең қауіпті көліктерді атады: Kia Rio көш басында

Сарапшылар ең қауіпті көліктерді атады: Kia Rio көш басында

Аян Қайырбаев
Фото: Kia

АҚШ-та жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізушілердің қаза болу көрсеткіші жоғары және төмен автомобильдер анықталды. Зерттеуді Жол қауіпсіздігін сақтандыру институты (IIHS) жүргізген. Сарапшылар 2021-2024 жылдар аралығындағы заманауи автомобильдер қатысқан адам өлімімен аяқталған жол апаттарының деректерін талдаған.

Kia Rio көш бастады

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, өлім-жітім көрсеткіші жоғары көліктердің қатарында шағын модельдер мен қуатты спорттық автомобильдер бар.

Жүргізушілер өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш Kia Rio көлігінде тіркелген. Зерттеу кезеңінде жыл сайын 1 миллион тіркелген көлікке шаққанда 170 жүргізуші қаза болған. Антирейтингтің алғашқы ондығына мына модельдер енді:

IIHS президенті Дэвид Харкидің айтуынша, автомобильдердің әртүрлі санаттарындағы жоғары өлім көрсеткішінің себептері де әртүрлі.

Шағын көліктер ірі пикаптармен немесе жол талғамайтын көліктермен соқтығысқан кезде осал болуы мүмкін. Ал спорттық автомобильдердегі көрсеткішке олардың қозғалтқыш қуаты мен жүргізу ерекшеліктері әсер етеді.

Басқа көлік жүргізушілеріне қауіп төндіретін модельдер

Зерттеу барысында автомобильдің өз жүргізушісіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына төндіретін қаупі де қарастырылған.

Бұл көрсеткіш бойынша бірінші орынға Ram 3500 Crew Cab шыққан. Бір миллион тіркелген көлікке жылына басқа автомобильдердің 204 жүргізушісінің қазасы сәйкес келеді. Сондай-ақ бұл тізімге Chevrolet Silverado 3500, Dodge Charger және Chevrolet Camaro кірген. Зерттеудегі ең қауіпті 20 модельдің жартысын толық өлшемді пикаптар құраған.

Кейбір модельдерде жүргізушілер өлімі тіркелмеген

Сонымен қатар IIHS жүргізушілерді жақсы қорғайтын автомобильдерді де анықтаған. Зерттеу кезеңінде алты модель бойынша жүргізушілер өліміне қатысты бірде-бір жағдай тіркелмеген. Олардың қатарында:

Зерттеушілер жүргізушілер өлімінің ең төмен көрсеткіші бар автомобильдердің басым бөлігі ірі жол талғамайтын көліктер мен премиум сегментке жататынын атап өтті.

Статистикаға көліктен бөлек факторлар да әсер етеді

IIHS мамандары жол апаттарындағы өлім көрсеткішін тек автомобильдің конструкциясымен байланыстыруға болмайтынын ескертеді.

Статистикаға жүргізушілердің жасы мен тәжірибесі, көліктің қаншалықты жиі пайдаланылатыны, иелерінің табыс деңгейі және жүргізу мәнері сияқты факторлар да ықпал етеді.

Сондықтан зерттеу белгілі бір автомобильді абсолютті түрде «қауіпті» немесе «қауіпсіз» деп бағалаудан гөрі, әр модель бойынша адам өліміне қатысты статистикалық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

{