30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Сарапшы Ерсұлтан Жансейтов Қазақстан мен Әзербайжан басшыларының арасындағы кездесуде қандай жобалар талқыланатынын айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтың шақыруымен Бакуге барды. Оның өзіндік себебі де бар. Украинаның қақтығыс фонында Қазақстан үшін қазіргі Транскаспий бағытының өзектілігі артып келеді. Осыған байланысты негізгі серіктес ел ретінде Әзербайжанмен қарым-қатынасының маңыздылығы да өсіп келе жатыр. Жоғары деңгейдегі кездесудің негізгі тақырыптарының бірі - Қазақстандық мұнайды Баку немесе Джихан мұнай құбыры арқылы Түркия және Батыс нарықтарына одан әрі шығуы арқылы Әзербайжанға ықтимал жеткізу мәселелері болуы мүмкін. Соңғы жарты жылда Қазақстан Каспий мұнай Ақтау портын кеңейтуге белсенді түрде инвестиция сала бастады. Болашақта бұл порт екі функцияны орындай алады. Біріншісі, Қазақстанның энергетика ресурстарын Каспий арқылы Еуропаға экспорттауды арттыру. Ақтау портының екінші функциясы Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға жүк тасымалдау көлемін ұлғайту. Санкциялардың жүйесінде Қытай Ресейді айналып өтіп, Каспий теңізі арқылы балама жолдар ашуда. Сондықтан бұл жағжайды пайдаланып Қазақстан транспорттық ағымдарды өзіміздің териториямыз арқылы өткізу керек», – деді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Ерсұлтан Жансейтов.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды