Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазіргі таңда смартфондардың бағасы арзан емес, сондықтан әркім өз гаджетінің мүмкіндігінше ұзақ қызмет еткенін қалайды. Сол үшін батареяны дұрыс пайдалану аса маңызды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ресейлік гаджет сарапшысы Илья Корнейчук смартфон аккумуляторын ұзаққа сақтаудың бірнеше қарапайым жолын ұсынды.
Сарапшының айтуынша, батареяны әрқашан 100%-ға дейін қуаттаудың қажеті жоқ.
Қуаттауды 85–95% деңгейінде тоқтатқан дұрыс. Ал 20%-дан төмен түсірудің де қажеті жоқ. Әрине, ереже бұзылса, телефон бірден істен шықпайды, бірақ аккумулятордың қызмет мерзімі қысқарады, – дейді ол.
Температура режимін де қадағалау маңызды. Қыста қатты тоңып қалған, ал жазда қызып кеткен смартфонды бірден қуаттауға болмайды. Алдымен құрылғыны +5 °C пен +40 °C аралығындағы қалыпты жағдайға келтіру керек.
Сонымен бірге сарапшы тек «түпнұсқа» немесе сапалы өндірушілердің кабельдерін пайдалануды ұсынады. Арзан әрі белгісіз қуаттағыштар тез істен шығып, құрылғыға зиян келтіруі мүмкін. Ал сымсыз қуаттау кезінде смартфон корпусы аздап қызады, бірақ бұл батареяға қауіп төндірмейді.
Қосымша энергия үнемдеу үшін Корнейчук қажет болмаған кезде Bluetooth пен Wi-Fi секілді артық функцияларды өшіріп жүру керегін атап өтті. Бұл аккумулятордың артық шығындалуын болдырмай, оның қызметін ұзартады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек