Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАвтокөлік сарапшысы, блогер Сағыныш тамыз айындағы автокөлік сатылымдарының статистикасын саралап, нарықтағы өзгерістерге назар аударды. Оның айтуынша, үздік ондықтағы бес орынды қытайлық автокөліктер иеленген. Бұл туралы El.kz жазды.
Тамыз айындағы сатылымдар рейтингінде абсолютті көшті Chevrolet Cobalt бастады. Дегенмен қытайлық автоөнеркәсіп Қазақстан нарығындағы позициясын бермей, керісінше, үлесін арттырып келеді.
«Тамыз айындағы автокөлік сатылымдарының статистикасына қараңыздар. Бірінші орында, түсінікті, Chevrolet Cobalt тұр. Екінші орында – Hyundai Tucson. Үшінші орында – Changan CS35 Max! Төртінші позицияда – Hyundai Mufasa. Бұл да қытайлық нарыққа арналған автомобиль. Егер Корея нарығына қарасақ, мұндай көліктер онда сатылмайды. Олар арнайы Қытай нарығына шығарылған. Бесінші орында – Hyundai Elantra. Көпшілік оны кореялық көлік деп айтуы мүмкін. Алайда мұндай көліктердің жартысынан астамы Қытайда құрастырылған нұсқалар болуы ықтимал», – деді автосарапшы.
Рейтингтің 7 және 9-орындарын да қытайлық көліктер иеленген. Атап айтқанда, бұл қатарда Haval Jolion және Changan CS55 Plus бар.
Сарапшы Сағыныш үздік ондықтағы әр екінші көліктің қытайлық брендке тиесілі болуы Қазақстандағы нарықтың өзгеріп келе жатқанын көрсететінін атап өтті.
«Брендтер бойынша да статистика бар. Оған қарайтын болсақ, тіпті Hyundai-дің көрсеткіші төмендеген. Ал негізінен қытайлық автокөліктер қарқын алып келеді. Мысалы, Changan-ның сатылымы екі есеге артқан. Қытай нарығы өсіп келеді, олардың көліктері де көбейіп жатыр. Егер "сұр" нарықтағы көліктерді де есепке алсақ, қытайлық автоөнеркәсіп сатылым бойынша бірінші орынға шығуы мүмкін еді», – деді сарапшы.
Бұған дейін El.kz Changan CS55 Plus пен жүрілген Toyota RAV4 көлігінің қайсысын таңдаған дұрыс деген тақырыпта да материал жариялаған.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі