20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облысының Саран қаласында полицейлер дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 қаңтарда бейтаныс біреу азық-түлік дүкенінің сатушысын пышақтап кеткен еді. Әйел көз жұмды.
Желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның азық-түлік дүкеніне пышақпен кіргенін көруге болады. Бүгін, 23 қаңтарда күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 27 жастағы Саран тұрғынын өлтірген күдікті ұсталды. Қарағанды облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін Саран қаласында 27 жастағы сатушы әйелдің ұрының қолынан қаза тапқанын жазған едік.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?