30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСаран қаласында үйлерді жылумен жабдықтаудың резервтік жүйесіне қайта қосу аяқталды. Қазандықтар қажетті отын қорымен және жұмысшылармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, қазір басты мақсат – тұрғын үйлерді сапалы жылытуды қамтамасыз ету.
Мен қала тұрғындарының наразылығын түсінемін. Жағдай тұрақтанғаннан кейін біз міндетті түрде жауапты әрбір адамның іс-әрекетін талдап, бағалайтын боламыз, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте.
Саран қаласының басшысы Еркін Баулықов қаланы жылумен қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады.
Барлық үйлер резервтік жылумен жабдықтау жүйесіне қайта қосылған. Барлық жергілікті жылу көздері іске қосылды. Бір орам жұмыс істеп тұрған қазандыққа қайта қосылды. Барлық жылу көздерінде қажетті отын қоры бар. Қосымша көмір тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазандықтарда жұмысшылар да жеткілікті. Орталық жылу көзін пайдалануға бергенге дейін қаланы жылумен жабдықтау резервтік жүйе арқылы қамтамасыз етілетін болады, – деп атап өтті ол.
Әкім қазан айында Саран тұрғындарына жылумен жабдықтау үшін қайта есептеу жүргізілетінін алға тартты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды