13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған іс-шаралар легі басталып кетті. Өткен жылы «Қайырымдылық керуені» атауымен көптеген игі істердің басынан табылған жоба биылғы жылы «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен өтуде.
Аталған акцияны Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйі ғимаратында «Сарқыт» қайырымдылық акциясымен бастады.
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шыршасын ұйымдастырып өткізді.
Сонымен қатар, поляк, күрд, еврей, әзірбайжан этномәдени бірлестіктері рождестволық мерекелер қарсаңында «Жағдайлары қиын балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне жаңажылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етті.
Облыстық ассамблеясы жыл сайын жаңа жыл мерекесі кезінде балаларды қуантып, бүлдіршіндерге базарлық таратуды игі дәстүрге айналдырған. Сонымен бірге Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Еліміз бойынша небәрі 7арнайы мектептің бірі осы Тараз қаласында орналасқан. Тәртібін түзеп, тәрбиесін жақсартуға ниеттілерді жиған арнайы мектеп бүгінде 30 жуық тәрбиеленушіге жағдай жасап отыр. Жасөспірімдер мен баларларды құттықтап, жаңажылдық сыйлықтарын табыс етуге барған облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдеріне, ҚХА Аналар кеңесіне, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының жастарына арнайы мектеп тәрбиеленушілері мерекелік концерттік бағдарламаларын әзірлеп ұсынды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды