22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖамбыл облысында ер адам балабақша тәрбиешісін өлтірді деген күдікке ілінді,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 қаңтарда балабақша қызметкері үйінен шығып, ұлының оқу ақысын төлеу үшін Таразға бағытталды, бірақ қайта оралмаған.
Марқұмның күйеуі, әйелі қоңырауларына жауап бермегенде алаңдай бастады. Алдымен ол әйелінің университетке бармағанын анықтады. Осыдан кейін іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылды.
Сол күні кешке қаладағы теміржолдың жанынан жоғалған әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар, өртенге мәйіті табылды. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әйелдің өліміне басынан алған соққы себеп болуы мүмкін, мәйіттің жанынан қанға боялған тас табылған.
Ақпаратқа қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, – делінген полиция хабарламасында.
Ер адам көшеде әйелді көріп, ақша сұрай бастаған. Әйел ақша беруден бас тартқан соң ер адам оның басынан таспен бірнеше рет ұрып, әйелдің қолынан екі алтын сақинаны ұрлаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін оны темір жолға сүйреп апарып, өртеп жіберген.
Осыдан кейін күдікті өзінің 45 жастағы көңілдесіне барып, ломбардқа өткізу үшін сақиналарды берген. Полицейлер барлық заттай айғақты тәркіледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев