29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыІшкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің жазуынша, министрлік қолайсыз ауа райы кезінде жолда сақ болуды ескерткен.
Жол қозғалысының қатысушылары! Ауа райының нашарлауына, боран мен қарға, көктайғақ пен көрінудің төмендеуіне байланысты қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеулер енгізілген. Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы "ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар. Жолда сақ болыңыздар, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек