6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қаласы әкімдігі тұрғындарға WhatsApp мессенджері арқылы таралып жатқан жалған хабарламаларға қатысты ресми ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламада белгісіз тұлғалар өздерін қала әкімі Ерболат Досаев немесе әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырып, тұрғындарға хабарламалар жіберіп, қоңырау шалатыны айтылған. Олар +7 707 342 64 39 нөмірінен және басқа да белгісіз нөмірлерден байланысқа шығып жатыр.
Аталған хабарламалар – жалған. Алматы әкімдігі ешқандай хабарламалар таратпайды, – делінген ресми мәлімдемеде.
Әкімдік бұл әрекеттерді алаяқтық деп бағалап, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.
Егер сізге осындай хабарлама келсе, келесі әрекеттерді жасаңыз:
Күмәнді хабарламаларды елемеңіз;
Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз;
Жеке деректеріңізді жарияламаңыз;
Құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Сақ болыңыздар! Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер, – делінген әкімдік хабарламасында.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі