29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨзбекстанда сапасыз және қауіпті тауарларды анықтауға көмектескен азаматтарды ынталандыру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Podrobno.uz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлады.
Қазіргі уақытта «Нарықтық қадағалау туралы» заң жобасы қоғамдық талқылауға түскен. Құжатқа сәйкес, ел үкіметіне төрт ай ішінде құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарды материалдық тұрғыда марапаттау тәртібін бекіту тапсырылған.
Заң жобасында сыйақы төлеу ғана емес, сондай-ақ сапасыз тауардан зардап шеккендерге өтемақы төлеу тәртібі де қарастырылған.
Тауарлардың қауіпсіздігін бақылау сараптамалар, шағымдарды талдау және өнімнің стандарттарға сәйкестігін тексеру арқылы жүргізіледі.
Құжатты талқылау 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Егер заң қабылданса, жаңа ережелер келесі жылдың шілде айынан бастап күшіне енеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек