22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақ киносының бүгінгі жарық жұлдызы Санжар Мәдиев Қазақстандағы ең сымбатты жігіттердің тізімінде жүретін бойдақтардың бірі еді. Енді бар қыздың арманы болған Санжар Мәдиев бір ғана қыздың жан-жары атанбақ. Санжардың жақында әлеуметтік желіде өзі таратқан ақпаратына сүйенсек, 1 қараша күні Мөлдір есімді қызға құда түсіп сырға салу рәсімін өткізген екен. Мөлдірмен сөз байласып жүргеніне 4 жылға жуық уақыт өтіпті.
Жақында Санжар Мәдиев «Есентаева Live» онлайн бағдарламасында сұхбат берген еді. Сол сұхбатында отбасын құратыны жайлы тіс жарып айтпағанмен, қызықты пікірлерімен есте қалған еді. Соның бір парасын сіздерге ұсынып отырмыз.
El.kz анықтамасы:
Санжар 1986 жылдың 4 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді.
Брэйк-дэнспен биледі, мектептік вокал тобында өлең айтты, қоян-қолтық ұрыс, үлкен тенниспен айналысты, мектеп құрама командасында, кейін университетте факультет атынан баскетбол ойнады. Актер болғалы бастапқы музыкалық білім алды (вокал, сольфеджио, фано). Маунтин-байкинг, қысқы спорт түрлері мен боксқа құмар жан.
Санжар Халықаралық Лингвистикалық Гимназияны бітірді, Қазақ Ұлттық Университетінің экономика факультетінде оқыды. Кейін университет магистратурасына түсіп, Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында қатар оқып жүреді. 2008 жылы магистр дәрежесін қорғап шығып, театр режиссері мамандығы бойынша Академиядағы оқуын жалғастырады. Соған қоса, Film Making мамандығы бойынша New York Film Academy-да білім алды (Лос Анджелес Калифорния).
Айгүл ШЕРНИЯЗОВА
Фото: instagram және https://www.sanzharmadiyev.com/#!untitled/cszh
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев