6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқпан айында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осымен 75-рет өткізілетін турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады. Бұл туралы olympic.kz сайты жазды. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болады.
Сонымен «Странджа» турниріне қатысатын Қазақстан командасының құрамында Санжар Тәшкенбай – 51 келі, Дәулет Молдашев – 54 келі, Оразбек Асылқұлов – 57 келі, Руслан Күзеубаев – 60 келі, Ерасыл Танкай – 63,5 келі, Дулат Бекбауов – 67 келі, Талғат Шәйкен – 71 келі, Нұрқанат Райыс – 75 келі, Тұрсынбай Құлахмет – 80 келі, Абзал Құттыбеков – 86 келі, Сағындык Тоғамбай – 92 келі салмақта бақ сынайды.
Айта кетейік, турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі