22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамиданың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА дерегінше, ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсынылған схеманы жарнамалап, оған электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болатынын айтып сендірген.
Жобаға қатысу үшін қатысушылардан арнайы «HRT» шотына криптовалюта аудару талап етілген. Негізгі шарт кем дегенде екі жаңа салымшы тарту болатын.
200-ден астам азамат жобаға 50 мыңнан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражаттарын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген. Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты, - делінген мәліметте.
Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік – «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды.
Оқи отырыңыз:
Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев