Самокат жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі: қазақстандықтар не білуі керек?

Самокат жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі: қазақстандықтар не білуі керек?

Аян Қайырбаев
Фото: El.kz архиві

Қазақстанда электросамокат пайдаланушыларына қойылатын талаптар күшейтіледі. 2026 жылғы 25 тамыздан бастап самокат жүргізушілері қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға міндетті болады. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті, прокуратура өкілдері, еріктілер және кикшеринг компаниялары бірлесіп өткізген профилактикалық акция барысында түсіндірілді.

Самокатпен қай жерде жүруге болады?

Жаңа талаптар елордадағы электросамокат пайдаланушыларына қатысты бірқатар маңызды өзгерісті қамтиды. 25 тамыздан бастап электросамокат жүргізушілері:

Ал электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге тыйым салынады.

Егер самокат жүргізушісі жолдың жүріс бөлігіне шығатын болса, оның жасы кемінде 18-де болуы, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы және қорғаныш дулығасын киюі қажет.

Қараңғы уақытта самокат жүргізушілері жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануға міндетті.

Қандай заңбұзушылықтар жиі кездеседі?

Астана прокуратурасының мәліметінше, электросамокат пайдаланушылары арасында жиі кездесетін заңбұзушылықтардың қатарында жүргізуші куәлігінсіз жолдың жүріс бөлігіне шығу, жылдамдықты арттыру және қиылыстардан өту талаптарын сақтамау бар.

Сонымен қатар бір самокатқа жолаушы мінгізу де қауіпті жағдайлардың бірі саналады.

Астана прокуратурасы басқармасының прокуроры Ақжол Сәтілданың айтуынша, мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғасының қаупін арттырады.

Бұл жол-көлік оқиғаларының болу қаупін арттырады. Заңнамадағы өзгерістер, соның ішінде, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр, – деді Ақжол Сәтілда.

Кикшеринг компаниялары бақылауды күшейтті

Кикшеринг компаниялары да самокат пайдаланушыларына бақылауды күшейткен.

1 шілдеден бастап самокаттарға үш жағынан – жақтауына және артқы қанатына сәйкестендіру нөмірлері қойыла бастады. Бұл көлік құралын бейнебақылау камералары арқылы анықтап, ереже бұзған пайдаланушыларға қатысты шара қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 18 жасқа толмаған адамдардың кикшеринг қызметіне тіркелуіне тыйым салынған.

Самокатты кез келген жерге қалдыруға болмайды

Профилактикалық акция барысында мамандар электросамокатты пайдалану мәдениетіне де назар аударды. Самокаттарды тротуардың ортасына, жолдың жүріс бөлігіне, велосипед жолына, автокөлікке арналған тұрақ орындарына қалдыруға болмайды.

Мұндай талаптарды бұзған пайдаланушыларға шара қолданылып, аккаунты бұғатталуы мүмкін.

Осылайша, 25 тамыздан бастап электросамокат пайдаланушылары үшін қозғалыс тәртібі қатаңдайды. Полиция азаматтарды жаңа талаптармен алдын ала танысып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Біз бұған дейін самокат мінетіндерге қандай бақылау күшейіп, нақты не өзгеретіні туралы жазған едік.

Оқи отырыңыз

{